Анталияның тарихи Калейжи ауданындағы қонақүй өртке оранды. Бұл туралы DHA агенттігі хабарлады, деп жазды kazinform.
Оқиға Калейджи тарихи ауданындағы Селчук Махаллесі Ұзын Карсы көшесінде сағат 12:00 шамасында болған. Жалын 3 кәсіпорынды шарпыған, соның бірі – қонақүй.
Хабарлама бойынша, бұл аймаққа көптеген өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Экипаж мүшелері тарихи аудандағы өрттің аймақтағы басқа ғимараттарға таралуын болдырмау үшін барын салып жатыр.