Суданның солтүстік-шығысындағы алтын өндіретін шахтаның ішінара құлауы салдарынан 10-нан астам адам қаза тауып, тағы жеті жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға демалыс күндері Ніл өзенінің шығысындағы шөлді Хуэйд қаласы маңындағы Керш Әл-Фил шахтасында орын алған.
Компания мәліметінше, бұл аумақта қазба жұмыстары бұрын тоқтатылған және кеншілерге шахтада жұмыс істеуге тыйым салынғаны ескертілген.
Айта кетейік, 22 мамырда Оңтүстік Африка Республикасындағы Йоханнесбург қаласы маңындағы алтын кенішінде 289 кенші қалып қойған болатын. Компанияның хабарлауынша, олар қауіпсіз жерге жиналған, азық-түлікпен қамтамасыз етілген және шахта тексерілген соң жер бетіне шығарылады.