$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері бір мезетте күй шертті

AstanaTV
30.06.2025ж. 09:54
Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері бір мезетте күй шертті

Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері Медеу мұз айдынында күй шертті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ұлттық домбыра күніне орай және Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған имидждік-идеологиялық науқан аясында Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері оңтүстік астананың символдарының бірі – Медеу мұз айдынында бірегей патриоттық іс-шара өткізді. ІІМ М.Есболатов атындағы академиясының курсанттары мен 80 полиция қызметкері “Балбырауын” күйін орындап, қайсарлық, бірлік пен қызметке адалдық танытты.