$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Қазақстанда 4 мыңға жуық «закладчик» түрмеде отыр: олардың жазасы жеңілдей ме

AstanaTV
30.06.2025ж. 13:14
54
Қазақстанда 4 мыңға жуық «закладчик» түрмеде отыр: олардың жазасы жеңілдей ме

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші шақырылымның үшінші сессиясын қорытындылаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов есірткі затарының заңсыз айналымына қатысты заң жобасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Депутаттар бастамашы болған есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы

іс-әрекет туралы заң – дер кезінде қабылданған, аса маңызды құжат. Бүгінде еліміздегі түзету мекемелерінде төрт мыңға жуық есірткі өткізушілер мен жасырып кетушілер, яғни «закладчиктер» қамауда отыр. Әдетте, олар – жеңіл жолмен ақша табуды көздеген, бірақ есірткі өндірушілермен бірдей жаза арқалаған өрімдей жастар. Депутаттар президенттің есірткі қылмыстары бойынша жазаны саралау жөніндегі тікелей тапсырмасын заң жүзінде орындады»- деді Мәжіліс төрағасы.

Ол атағандай, осылайша есірткі өндіру мен оны өткізу арасындағы жауаптылықтың ара-жігі ажыратылды.

«Сонымен бірге, есірткі барондарының жауапкершілігі барынша күшейтіліп, олардың әрекеттері аса ауыр қылмыстарға теңестірілді. Енді есірткі дайындағаны, өңдегені және өндіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылды. Бұл ретте, мемлекет алғаш рет шалыс басқан есірткі жасырып кетушілердің түзу жолға түсуіне мүмкіндік беріп отыр. Жаңа нормаларға сәйкес, соттарда 3 мыңнан астам іс қаралып, қанғаттандырылды. Сөйтіп, 200-ден астам адам бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады», - деді Ерлан Қошанов.