Жоғарғы Сот республика соттарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кеңейтілген отырысын өткізді.
Оған Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов қатысты.
Алдымен Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев және Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров шолу баяндамаларын жасады.
Одан кейін А.Мерғалиев жаңадан құрылған кассациялық соттардың бұрынғы кезеңдерде жіберілуі мүмкін сот қателерінің тиімді сүзгісіне айналу міндетін белгіледі.
Азаматтық сот ісін жүргізу бөлігінде қаралған істер санының тұрақты өсуі аясында сот төрелігінің сапасы сақталғаны атап өтілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы татуластыру рәсімдерінің өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 41,6%-ға қарсы 46,9%-ға өскенін көрсетті. 113 мыңнан астам медиациялық талап қоюлар мен істердің (107 мың) тең жартысы баламалы әдістермен шешілген.
Бірінші сатыдағы соттардың жұмысы оң нәтиже көрсетті: апелляциялық тәртіпте қаралған шешімдердің саны 2,5%-ға (14 791-ден 14 421-ге дейін) азайды.
Кассациялық тәртіпте күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің саны шамамен үштен біріне, яғни 263-тен 185-ке қысқарды. Жалпы алғанда, азаматтық істер бойынша түзетілген сот актілерінің үлесі 1,7%-дан 1,4%-ға төмендеді. Бұл республика бойынша біркелкі практиканы сақтаудың жақсы белгісі.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақталғандардың саны 49%-ға (90-нан 134-ке), ал жеке айыптау істерін есепке алмағанда – 128%-ға, яғни екі еседен астамға (26-дан 58-ге) өсті. Ақтау үкімдерінің бұлайша көбеюі соттар жұмысындағы айыптау жағының азайғанын көрсетеді.
Тергеу органдарының қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттарын қанағаттандыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Егер 2024 жылы соттар өтінішхаттардың 76,6%-ын қолдаса, биыл – 63,5%-ы ғана.
А.Мерғалиев бұл көрсеткішті тергеу соттары 2018 жылы құрылғаннан бергі бүкіл жұмыс кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке жеткен судьялардың тәуелсіздігінің көрсеткіші деп атады.
Соттар сотқа дейінгі сатыда электронды білезіктерді белсенді қолданады: 2025 жылы – 1740 күдіктіге қолданылған. Бұл бүкіл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп (954).
Ол қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне шағымдарды қараудағы соттардың оң практикасы туралы баяндап, соттар қанағаттандырған шағымдардың үлесі 31,8 пайыздан 36 пайызға дейін өскенін атап өтті. Бұл сот бақылауының жақсарғанының көрсеткіші болып саналады.
Сонымен қатар, соттар қамауға алудың баламалы шараларын таңдауда оң нәтиже көрсетуде. Мәселен, есепті кезеңде соттар тергеу органдарына қарағанда 6 есе көп (соттар – 1842, органдар – 304) үйқамаққа алуды таңдады.
Жоғарғы Сот Төрағасы сотталғандар үшін жазаны алмастыру институттарын қолдану практикасы бөлігіндегі оң динамикаға тоқталды: есепті кезеңде шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) туралы өтінішхаттардың қанағаттандырылуы 32,4%-дан 37%-ға дейін ұлғайған,
жалпы алғанда жазаны ауыстыру (ЖА) және ШМБ қолданылу көрсеткіштері тұрақтылығы соттар жұмысының тұрақты монторингісіне ықпалын тигізеді.
А.Мерғалиев Жоғарғы Соттың ШМБ және ЖА туралы өтінішхаттарды қарауға арналған цифрлық өнімдерді енгізу туралы бастамасын жариялады:
Біз сотталғанның цифрлық файлының сақталуын қамтамасыз ететін цифрлық платформаның жұмыс істеу алгоритмін ұсындық, ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату және ЖА туралы өтінішхатты электронды түрде беруді, роботтың көмегімен сот практикасын талдауды, оны сотта онлайн қарауды қамтамасыз етеді. Бастама қолдау тапты, өйткені оны іске асыру қарау мерзімін қысқартады және ең бастысы, сот шешімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді».
Әкімшілік әділет саласында талап қоюлардың 7,3%-ға өскені байқалады – мүліктік даулар, мемлекеттік сатып алулар, сәулет және қала құрылысы бойынша даулар көбірек. Талап қою қайтаруларының 3%-ға артуы татуласу және талап қоюды қайтарып алумен байланысты, соңғысы көп жағдайда даудың іс жүзінде аяқталуын білдіреді.