$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Ақтөбе облысында атасы мен немересі автокөлікпен суға батып кетті

30.06.2025ж. 20:00
54
Ақтөбе облысында атасы мен немересі автокөлікпен суға батып кетті

Ақтөбе облысында атасы мен немересі автокөлікпен суға батып кетті

Ақтөбе облысында атасы мен немересі автокөлікпен суға батып кетті. Қайғылы оқиға Хромтау ауданы Құдықсай ауылында болды. 66 жастағы тұрғын 8 жасар немересімен Бозжыр аумағына қарай автокөлікпен жолға шығып, қайта оралмаған. Шұғыл іздестіруге сүңгуірлер мен кинолог мамандар тартылды. Кинолог ізге түсіп, автокөліктің қозғалыс бағытын нақты анықтаған. Бірақ тым кеш еді. Айта кетейік, мамыр айынан бері Ақтөбе облысында сегіз адам суға кетіп, қаза тапты. 

АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Нәтидесінде іздестіру тобы Құдықсай ауылы маңындағы Ор өзеніне бағытталып 26 маусым күні сағат 19:30 шамасында өзен арнасые зерттеу барысында автокөлік табылды. Сүңгуірлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен және жағадан 4 метр қашықтықтан баланың денесі сондай-ақ көлікпен ер адамның денесі судан шығарылды. Ол оқиғаның мән-жайы анықталуда.