Абай облысында жол апатынан сарбаз ата-анасымен бірге қаза тапты. Ол Отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Жақындарымен демалыстан келе жатқан. Жол апаты Өскемен – Алматы тас жолында болған. Салдарынан төрт адам көз жұмған. Қаза тапқан төртінші азамат – сарбаздың отбасын бөлімге апара жатқан такси жүргізушісі. Құрлық әскерлері қолбасшылығы марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ сарбаз бен оның ата-анасының мүрделері әскери ұшақпен туған жеріне жеткізілді.
АЙДАНА КОЗЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Toyota Lumiere автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы жол көлік оқиға салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекетері жүргізілуде. Сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.