Алматыда әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды. Сәуір айында әскер қатарына шақырылған азамат қаладағы 61-де 993 бөлімінде борышын өтеген. Сарбаз спорт клубына жіберілгеннен кейін, бөлімшеге қайта оралмаған. Құқық қорғау органдары дереу іздеу жариялап, арада бір күн өткеннен кейін Семей қаласында қолға түскен. Қазіргі уақытта әскери полиция оның не себепті бұндай іске барғанын анықтауда.