Атырауда бұрынғы әйелін жұмыс орында пышақтап кеткен тұрғынға қатысты үкім шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жылыой ауданының 34 жастағы тұрғынын 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған жәбірленуші тарапқа 15 миллион теңге моралдық шығынды өтеу міндеттелді.
МАРАЛ НАУРЫЗХАН, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Сот үкім етті: Сейітмағамбетов Қаасымхан Зайдоллаұлы ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2- бөлігі, 9 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігіорташа мекемесі бегіленсін. Сейітмағамбетовке күхзетпен ұстау бұлтарартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.
Судьяның айтуынша, сотталушы бұрынғы әйелімен ұялы телефон арқылы хат алмасу барысында сөзге келіп, жұмыс орнына іздеп барған. Бұзақылық ниетпен өлтірген. Сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Естеріңізге салайық, қанды оқиға биыл наурыз айында болды. Жылыой аудандық орталық ауруханында заңгер боп еңбек еткен келіншекті тура жұмыс орнында жалғыз отырған сәтінде оның бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен. Оқиға орнына бірінші болып жеткен әріптесі оны қанға боялып жатқан күйінде көрген. Марқұмның артында бір қызы қалды.