×

Ақтөбеде қарызға батқаны үшін өз бүйрегін сатпақ болған жігіт сотталып жатыр

30.06.2025ж. 20:00
66
Ақтөбеде қарызға батқаны үшін өз бүйрегін сатпақ болған жігіт сотталып жатыр

Ақтөбеде өз бүйрегін саудалап, 15 миллион теңгеге сатпақ болған жігітке қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін жарыссөзде күдікті өз әрекетіне өкінетінін айтты. Еске сала кетейік, бұл оқиға үстіміздегі жылдың сәуір айында болды. Қарағандылық тұрғын қарыздарынан құтылу мақсатында әлеуметтік  желі арқылы  өз бүйрегін 20 миллион теңгеге бағалап, сату үшін хабарландыру жариялаған. Артынша онымен Ақтөбе қаласының тұрғыны хабарласып, 15 миллион теңгеге бүйрегін сатып алатын және ота басқада шығынды өзі көтеретінін болып келіскен. Сатып алушының шақыртуымен Ақтөбе қаласына келіп, онымен кездескен. Ағзасын сату үшін 7 млн 500 теңге алғашқы жарна алу барысында ол полицияға ұсталды. Бүгін сотталушы өз әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.

ӘДІЛЕТ КЕНЖАЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:


Ахтаев Данияр Қайратұлы ҚР ҚК 24 бабы үшінші бөлігі, 26 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып,оған 1 жыл 10 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуын сұраймын. Қылмыстық кодекстің 63 бабына сәйкес Ахтаевқа тағайындалған жаза шартты деп саналсын.


Мемлекеттік айыптаушы күдіктінің қарызға батып, шарасызлықтан осындай әрекетке барғанын айтып оған шартты жаза тағайындалып, сот залынан босатуды сұрады.