×

Атырауда жасөспірім жеделсаты шахтасына құлап кетті

30.06.2025ж. 20:00
63
Атырауда жасөспірім жеделсаты шахтасына құлап кетті

Атырауда жасөспірім көпқабатты үйдің жеделсатысынан шахтаға құлап кетті. Абырой болғанда бала дін-аман. Оқиға  Береке ықшам ауданында болды. Подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 11 жастағы бала жеделсатыға  велоспиедпен кірмек болады.  Сол кезде жеделсаты есігі жартылай жабылып, бала сыртта қалып қойған. Жоғары көтерілген кезде велосипедін жібермеген жасөспірім шахтаға құлап кеткен.  Оқиға бірінші қабатта болғандықтан балаға ешбір зақым келмеген. Дегенмен жауапты мекеме жеделсатының қызметін тексеріп жатыр. 

ҒАСЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл жерде жедел саты тиісті деңгейде қауіпсіздік шараларын қамтымай, нақты талаптарға сәйкес емес бағытта қойылғаннан кейін осындай оқиға орын алып отыр. Видео камера арқылы түсірілген видеода өздеріңіз байқаған боларсыздар, велосипед тасымалдаған кезде қателіктер жіберген. Сол себепті осындай оқиға орын алып тұр. Қазіргі таңда мердігер мекемемен байланыстық, олар кезектен тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.