Қостанайда жеке балалар орталығының қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды. Бұл орталықта ерекше балғындар тәрбие алады. Алайда «Аманат и К» мекемесінің жұмысшылары жеткіншектерге қатігездік көрсетіп, кейде тамақ бермейтіні белгілі болды. Ата-аналар бұған дейін де білім бөліміне шағымданып, полицияға арызданған көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан соң іс қозғалды. Енді тәрбиешілер кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабы бойынша жауапқа тартылады.
ӘЛІШЕР КҮШЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АНЫҚТАУШЫСЫ:
Полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан жақты және обьективті анықтауға бағытталған қажеттті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Тиісті сараптамалар тағайындалды.