Ақмола облысында шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді. Ақмола облысының прокуратурасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 42 баланың құқығын қорғады. 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Прокуратура араласқан соң балалардың құқығы қорғалып, тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.