×

Индонезияда ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

30.06.2025ж. 20:00
62
Индонезияда ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

Индонезияда ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін. Айта кетейік, өткен аптада екі отандасымыз 49 грам метамфетамин сатты деген күдікпен қамауға алынған еді. Алаңдауға негіз – Индонезия шетелдік азаматтарға бұл бап бойынша өлім жазасын кеседі. 2017 жылдан бері мораторий қойылғанымен, оның өзге ел азаматтарына қатысы жоқ. Әзірге екі қазақстандық туралы, толық ақпарат жариялай алмаймыз, - дейді еліміздің Сыртқы істер министрлігі. Алайда, туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты ведомствоның ресми өкілі – Айбек Смадияров. 

АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Әрине, адвокат секілді қолдан келген көмекті көрсетіп жатырмыз. Бірақ, өкінішке қарай, біздің сотталған азаматтарды алмасу туралы Индонезиямен екіжақты келісіміміз жоқ. Оларға көмектесу үшін дипломаттар барлық күш-жігерін жұмсап жатыр. Жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Тағы басқа шаралар қолға алынуда. Туған-туыстарымен байланыстамыз. Алда сотты күтеміз. Соттың шешімі қандай болады, содан кейін көре жатармыз.