$538.57 €629.48 ₽6.71
×

Трамп: «Мен кез-келген сәтте Иранды жер бетінен жойып жібере аламын»

Трамп: «Мен кез-келген сәтте Иранды жер бетінен жойып жібере аламын»

Трамп Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты тоқтатқанымен, қайта шабуылдауы мүмкін. Кез-келген сәтте зымыран мен ұшақтарды жіберемін, - деп қорқытты. АҚШ Президенті осылайша Иран басшысы Аятолла Хаменейдің сөзіне жауап берген. Тик-токты бір топ америкалық байлар сатып алайын деп жатыр. Бұл туралы да АҚШ Президенті мәлімдеді. Ал, миллиардер Джефф Безостың Венециядағы үйлену тойы бүкіл әлемді қызықтырғанымен, Италия халқының ашуына тиді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты. 

Трамп қалаған кезінде Иранға шабуыл жасай алады. АҚШ Президенті өзінің баспасөз-конференциясында осылай деді. Оның шамына Иран басшысы Аятолла Хаменей тиген. Енді Трамп жауапсыз зымыран жібере алмайды деген. Осыған ашуланған Трамп: «Қаласам, Иранды жермен-жексен етемін», - деді. 

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен кез-келген нүктеге оп-оңай шабуыл жасай аламын. Иран сөзінен тайып, уранды байыта бастаса, жер бетінен жойып жібере саламын. Бір-ақ қоңырау жеткілікті. Сондықтан, бос сандырақты қою керек. 


Бір топ америкалық байлар Тик-Токты сатып алуға дайын. Трамп, ақыры ең танымал әлеуметтік желіні өзіне бағындырмақ. Алдыңғы Президенттік мерзімінен бері келе жатқан дау жақын арада аяқталуы мүмкін.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз жақын арада осы істі соңына дейін жеткіземіз. Кім сатып алатыны құпия, бірақ, 2 аптадан кейін бүкіл әлем біледі. Әзірге Қытай басшысының келісімін күтіп отырмыз. Бірақ, ешқандай проблема болмайды деп отырмыз.


Ғасырда бір болатын үйлену тойы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Миллиардер Джефф Безос екінші рет үйленіп, Италия халқының ашу-ызасына тиді. Құны 50 млн долларға дейін барған тойға барлық-дерлік америкалық танымал тұлғалар келген. Алайда, туристік қаланың барлық адам жүретін жерін жергілікті полиция жауып тастағандықтан, тұрғындар наразылық акцияларын да ұйымдастырған.