Жаңа көлік министрі тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаев келді. Ол бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарған. Су жаңа министр әр жылдары индустрия және жаңа технологиялар, қорғаныс министрлерінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып, президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ бүгін Президенттің өкімімен бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.