$519.64 €609.23 ₽6.62
×

«Заң мен тәртіп» мектептерде оқытылады

«Заң мен тәртіп» мектептерде оқытылады

«Заң мен тәртіп» мектептерде оқытылады. Өткен оқу жылында оқушылар сынып сағатында қауіпсіздік сабақтарын меңгерді. Ал алдағы жаңа оқу жылында жаңа пән қосымша сабақ ретінде еліміздің бірнеше мектебі мен колледждерінде басталады. Жобаны Оқу-ағарту министрлігі, Бас прокуратура және Балалардың құқытарын қорғау комитеті бірлесіп әзірледі. Мақсат – жас ұрпақтың бойында заң үстемдігіне және азаматтық жауапкершілікке саналы көзқарас қалыптастыру. Сабақ барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, буллингке қарсы күрес, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады. 

ГҮЛЖАН ТӨЛЕУ, С.МӘУЛЕНОВ АТЫНДАҒЫ №37 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бала кішкентайынан бастап ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін біліп жатса, одан ешқандай зиян жоқ. Өйткені заңды білмеу ол ешқандай жауапкершіліктен құтқармайды ғой. Сондықтан кішкентайынан бастап қарапайым көшеге шыққанда, аулада ойнаған кезде бұның барлығы баланы бойында кішкентайынан белгілі бір белгілі бір қасиет, құндылық болып қалыптасқаны дұрыс. Сол үшін де қажеттілік бар деп ойлаймын.