Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда екпені міндеттеу бойынша нақты шешім қабылданған жоқ

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2658
Қазақстанда екпені міндеттеу бойынша нақты шешім қабылданған жоқ

Қазақстанда екпені міндеттеу бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Мәселе талқылану үстінде. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамның пікірі ескеріледі.  Түсіндіру жұмыстары жүргізілетін көрінеді. Діни көзқарасы бойынша вакцина жасатудан бас тартатындарды мәжбүрлей алмаймыз,- деді министр.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Қолдаушылар да бар, қарсы шығатындар да бар. Ол адамның құқықтары мен бостандығына тиеді. Әлі шешім қабылданған жоқ. Қазір сарапшылармен кеңес жүріп жатыр. -Негізі мүмкін бе қабылдануы? - Мүмкін, жалпы былай айтқанда, мүмкін.

Ал мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамытатын жаңа ұлттық компания құрылғанын хабарлады. «Қазақ туризм» компаниясының мойнына ұлттық туризмді дамытып, инвестиция тарту жүктелген. Қызметкерлері алғашқы жылы жалақыны бюджеттен алады. Келесі жылдан бастап өз-өздерін қамтамасыз етеді, - деп атап өтті министр.