Полиция әріптесін зорлады. Шымкентте полиция басшысының орынбасары осындай күдікке ілінді. Қазіргі таңда Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлім бастығы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші де құқық қорғау органының қызметкері. Қазіргі уақытта оның жүкті екені анықталған.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Әйелдің арызы бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалды шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.