Әлеуметтік желіде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Беттің арын белге байлағандар жасанды интеллектіне пайдаланып, басшылар мен қоғам қайраткерлері, ірі компания менеджерлерінің атынан жалған үндеу жасауға кіріскен. Мұндай алаяқтық схемаға Ұлттық атом компаниясы - «Қазатомөнеркәсіп» те ілініпті. Соңғы уақытта кәсіпорын инвестициялық платформаны іске қосты деген желеумен жалған бейнероликтер тарап кетті.
МЕЙІРЖАН ЮСУПОВ, «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«Қазатомөнеркәсіп» басшысы ретінде бұл жаңалықтардың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеймін. Сізге тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбеуге, күдікті сілтемелерге өтпеуге кеңес беремін. «Қазатомөнеркәсіп» ешқашан өзінің акцияларын сатып алуға үндеу жасамайды.