$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы үйленді

AstanaTV
30.06.2025ж. 22:43
47
Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы үйленді

Шешен Республикасы басшысының ұлы — 17 жастағы Адам Қадыров үйленді. Үйлену тойы Қадыровтар әулетінің мекені саналатын Ахмат-Юрт ауылында (бұрынғы Центорой) өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Келіні — Ресей мемлекеттік Думасының депутаты, Рамзан Қадыровтың ең жақын серіктерінің бірі саналатын Адам Делимхановтың немересі. Адам Қадыровтың әпкесі Айшат Қадырова келіннің есімі Медни екенін хабарлады. Медни де Ахмат-Юрт ауылынан шыққан.

Салтанатты шара кезінде республикада жолдар жабылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кортежді сүйемелдеу үшін Шешенстанның барлық аймақтарынан жол-патруль қызметкерлері жұмылдырылды.

Адам Қадыровтың үйленгенін оның әкесі — Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров растады. Ол бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазба жариялап, ұлының үйленуіне байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің жеке құттықтауы үшін алғысын білдірді.