$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған әйелге іздеу жарияланды

AstanaTV
01.07.2025ж. 08:31
43
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған әйелге іздеу жарияланды

Антикор аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қазақстандық әйелге іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Агенттік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 19.11.1971 жылы туған ҚР азаматшасы Қарлығаш Құрмашқызы Таткееваны іздеуде.

Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері анықталған не орналасқан жері туралы ақпарат алынған жағдайда іздестіру бастамашысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 1424-Call – орталық, 8-7172-90-92-60-кезекші бөлім, 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33. Іздеуде жүрген тұлғаны ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі",-деп атап өтті агенттіктен.