1 шілдеден бастап Қазақстанда балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі. Бұл – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған уақытша, бірақ маңызды қадам.
Кәсіби қабылдаушы отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін тәрбиелеуге мүмкіндік алады,- деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.