$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Алматыда жүргізуші туралы бәрін білетін “ақылды” камералар іске қосылады

AstanaTV
01.07.2025ж. 14:23
125
Алматыда жүргізуші туралы бәрін білетін “ақылды” камералар іске қосылады
Фото: ашық дереккөзден алынды

1 шілдеден бастап Алматыда жаңа цифрлық бақылау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жүйе тек стандартты жол ережелерінің бұзылуын ғана емес, жүргізушінің көлік тізгініндегі мінез-құлқын да бақылайды. Және иә — мұнда нейрожелілер де қолданылып жатыр.

Енді камералар келесідей ереже бұзушылықтарды анықтай алады:

  • қауіпті және агрессивті жүргізу,
  • бұрылыс көрсеткішін қоспай жиі жол ауыстыру,
  • қарсы бағытпен жүру,
  • кенеттен жылдамдық арттыру немесе тежелу,
  • сақтандыру полисі жоқ көліктер,
  • жалған немесе жасырылған нөмірлер,
  • айыппұлдарын төлемеген жүргізушілер.

Барлық мәліметтер дереу ҚР ІІМ-нің бірыңғай базасына жіберіледі. Егер жүргізуші ережені бұзса — жүйе оны бақылау режиміне қосып, полицияға автоматты түрде хабар береді. Жолдағы көлік қозғалысы нақты уақытта бақыланады, ал камералар енді жай ғана "қарап қоймай", талдау жасайды.

Ережені жиі бұзатындар енді оңай құтыла алмайды — айыппұлдары жиналғандар жолда тоқтатылуы мүмкін.

Ал жол ережесін сақтайтын жүргізушілерге алаңдауға негіз жоқ. Егер бәрі заңды болса — жүйе назар да аудармайды.