$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Қазақстанда 5 трансшекаралық хаб іске асырылуда

AstanaTV
01.07.2025ж. 15:11
81
Қазақстанда 5 трансшекаралық хаб іске асырылуда
Фото: ҚТЖ

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығында 8 өндірістік ғимараттың құрылысы басталса, «Алатау» ИСЛК-да 10 инвестициялық жоба анықталып, 9 маусымда Ақтау портында контейнерлік хабтың алғашқы кешені іске қосылды, деп хабарлайды Astana TV.
Осы және басқа да мәліметтер вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткізілген трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында айтылды.
Сауда және интеграция министрлігінің үйлестіруімен Қазақстанда 5 трансшекаралық хаб іске асырылуда:

  1. Жамбыл облысындағы «Алатау» индустриялық-сауда-логистикалық кешені (Қырғызстанмен шекарада);
  2. Түркістан облысындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы (Өзбекстанмен шекарада);
  3. Батыс Қазақстан облысындағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы (Ресеймен шекарада);
  4. Маңғыстау облысындағы «Каспий торабы» хабы;
  5. Жетісу облысындағы «Қорғас торабы» хабы (ҚХР-мен шекарада).

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға 1 тамызға дейін екі хабты — «Қорғас» ХӨКО және «Еуразия» ТСО дамыту тұжырымдамаларын дайындауды тапсырды. Бұл құжаттар олардың ел экономикасындағы және халықаралық логистикадағы рөлі мен қажетті қаржыландыру көлемі туралы нақты пайымды анықтауы қажет.