$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Шілдеде аптап ыстық болады

AstanaTV
01.07.2025ж. 16:49
77
Шілдеде аптап ыстық болады
Фото: Shutterstock.com

Шілде айында елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Astana TV.

"1-5 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +15+22°С-тан +25+30°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +30+39°C-тан +40+46°C өте қатты ыстық болады деген болжам бар. Тек айдың соңғы он күнінде ыстығы қайтады", – делінген хабарламада.

Шілде айының екінші және үшінші онкүндігінде республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ең ыстық күндері ауа температурасы +33+42°С, шеткі оңтүстікте +46°С дейін көтеріледі. Салдарынан осы аймақтарда өрт қаупі жоғары болмақ.

Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында ауа температурасы түнде +15+23°C-тан +7+12°C-қа дейін, күндіз +32+39°C-тан +18+23°C-қа дейін ауытқиды деп күтіліп отыр.