Тамызда 10 күн демалыс бар, деп хабарлайды Astana TV.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні болады.
30 тамызда ел Конституция күнін атап өтеді. Ұлттық мереке сенбіге сәйкес келеді. Сол үшін тұрғындарға дүйсенбі, 1 қыркүйекте қосымша демалыс береді. Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады.
Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл – біздің еліміздің басты заңы, барлық басқа жарлықтар, қаулылар мен нормативтік құқықтық актілер оның нормаларына негізделуі керек, ал шарттар оған қайшы келмеуге тиіс.