$519.29 €613.28 ₽6.62
×

«Қазақта ұл туған әйелді ғана жоғары қояды»: танымал әртіс Жұлдызай Дүйсенбиева өз өкінішін айтты

AstanaTV
01.07.2025ж. 18:12
71
«Қазақта ұл туған әйелді ғана жоғары қояды»: танымал әртіс Жұлдызай Дүйсенбиева өз өкінішін айтты
Фото: ашық дереккөзден алынды

Танымал әртіс Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты еш жерде айтылмаған әңгімені бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды. Ол бұл туралы блогер Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтып өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әртістің айтуынша, оның отбасында ер бала болмаған, бұл тақырып оның жанына қатты бататынын жасырмай айтты. Жақында ең кенже сіңлісінің ұзату тойында 150 адамның көзінше әкесін құшақтап, алғысын білдіріп, көзіне жас алғанын еске алды.

«Менің отбасымда ұл болған жоқ, бұл мен үшін ауыр тақырып. Мен кеше ғана ең кішкентай сіңлімді ұзатқан кезде, тойда 150 адамның алдында, папамды құшақтап жыладым, рақмет айтып. Өйткені менің әкем ешқашан «Менде ұл бала болмай қалды» деп анамды тастап кеткен жоқ. Анам қанша рұқсат берсе де, «Жоқ, осы төрт қызыма Құдай күш-қуат берсін», – деді ол.

Одан кейін:

"Бізде жалпы қазақта ұл туған әйелді ғана жоғары қояды. Ұлды жалпы жоғары қояды. Сонда қыз перзент емес пе? Бірақ мен айтқандай, кеше мен тойда әкеме рақмет айттым, сол төрт қызы әкем жақсы көріп, тәрбиелеп, осындай біздің дәрежеге жеткеніміз әуелі Алла, одан кейін әке-шешенің бізге деген махаббатының арқасы", – дейді әртіс.