$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Бүгін Ақтөбеде төбелеске қатысқан он күдіктіге сот үкімі шықты

01.07.2025ж. 20:00
81
Бүгін Ақтөбеде төбелеске қатысқан он күдіктіге сот үкімі шықты

Бүгін  Ақтөбеде  жаппай төбелеске қатысқан 10 сотталушыға қатысты сот  үкімі шықты.  Жастар өзара  жанжалдасып, төбелесуі барысында  бір бозбала қайтыс болған қылмыстық істе кінәлі деп танылғандар  11 жылдан бастап, 22 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Ақтөбе қаласында өткен жылдың  27 мамырында болды. Жасөспірімдер қала күні арналған концертте сөзге келіп қалып, артынша екіге бөлініп алып төбелескен. Төбелес кезінде сегіз адам жарақат алып, 18 жастағы бозбала  қаза тапты. Бұл оқиға бойынша  қылмыстық іс қозғалып, 10 адам қамауға алынды.  32 адам жәбірленуші болып табылады.  77 томнан тұратын  қылмыстық іс сотта төрт ай қаралды.  Айыпталушыларға бірнеше баппен  адам өлтіру, бопсалау және бұзақылық бойынша айыптар тағылған. Сотталушылардың екеуі 20 жылға, бір адам 22 жылға, алтауы 15 жыл 6 айға және біреуі 11 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындаған жоқ. Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қаңағаттандырылып, үш сотталушының әр қайсысынан 10 миллион теңгеден моральдық зиян өңдірілетін болды.

ЖАНСАЯ ТАИРОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот үкімімен сотталушылар Н мен Д –ға түпкілікті 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы Қ –ға түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алты сотталушыға 15 жыл  6 ай мерзімге айыру және 1 сотталушыға 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.