Қазақстан Молдова үшін Орталық Азия мен Қытай нарықтарына жол ашатын стратегиялық қақпа бола алады. Премьер-министрдің орынбасары молдовалық әріптесі Михай Попшоймен бірқатар келіссөз жүргізіп, инвестиция, көлік логистика, энергетика, жаңа технологиялар және ауыл шаруашылығы салаларында нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Министр Қазақстан Молдоваға елімізде шығарылатын локомотивтерді, вагондарды, рельстерді және басқа да теміржол техникасын жеткізу көлемін ұлғайтуға мүдделі, дейді. Сондай-ақ екі мемлекет бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтайтын елдер деп атап өтті.
МҰРАТ НҰРТІЛЕУ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:
Осы ретте, Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы қарарына теңтұтас автор ретінде қатысқаны үшін әріптесімізге ризашылығымызды білдіреміз. Өз кезегінде, Молдованың 2027–2029 жылдарғы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске сайлануға мүдделігін ескеріп, сіздердің елдеріңіздің кандидатурасын қолдауға дайынбыз.