$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Ақтөбедегі Жайсан шекара бекетінде 150-ден астам көлік кептеліп тұр

01.07.2025ж. 20:00
81
Ақтөбедегі Жайсан шекара бекетінде 150-ден астам көлік кептеліп тұр

Ақтөбедегі Жайсан шекара бекетінде 150-ден астам көлік кептеліп тұр. Жүзі жүк көлігі болса, қалғаны жеңіл темір тұлпар. Шекарадағы өткізу бекетінде ұзын сонар кезектің орын алуы Ресей Федерациясында енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты көрінеді. Тәртіп сақшылары кептелісте тұрған көліктердің қоғамдық тәртіпті сақтап, кезекпен өтуін қамтамасыз етуде.

НҰРЛАН ТАУШАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ПБ БАСТЫҒЫ:

Қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік ағынын реттеу жұмыстарын жүргізіп, шекарадан өту ережелеріне қатысты құқықтық кеңес те беруде.