$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Биыл Қызылорда облысына қарасты 9 елдімекен таза ауызсуға қосылады

Биыл Қызылорда облысына қарасты 9 елдімекен таза ауызсуға қосылады

Биыл Қызылорда облысына қарасты 9 елдімекенге ауыз су тартып, аймақ тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен 100 процент қамту жоспарланған. Оның ішінде Аралдың шалғайдағы 4  ауылы да бар. Бұл бастамаға  мемлекеттен 12 млрд. 700 млн. теңге бөлінген. Соның алғашқысы болып Ақбасты ауылының тұрғындары таза ауызсуға қолжеткізді. Бұған дейін ауылдықтар жер асты құдығынан, тасымалдап тұтынып келген.

ӘЛИША ӘБИЕВА, АҚБАСТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сағынып күткен ауыз суымыз, тұщы суымыз келіп жатыр. Соған біз қуаныштымыз. Ақбасты елді мекенінің тұрғындары сонау 18 км қашықтықтан суды су машиналарымен құдықтан тасып ішкен болатынбыз. Енді міне, жеке үйімізден  ауыз суымызды ішуге келіп бізді қуантып жатыр.