$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Атырау облысы халқының 99,9%-ы таза ауыз сумен қамтылған

01.07.2025ж. 20:00
69
Атырау облысы  халқының  99,9%-ы таза  ауыз сумен қамтылған

Ал Атырау облысы халқының  99,9%-ы таза  ауыз сумен қамтылған.   Тіршілік нәрінің  қуатын арттыру үшін  су тазарту ғимарттары қайта жаңғыртудан өтуде. Мәселен, былтыр  Махамбет және Исатай аудандарындағы 16 су тазарту ғимараты жаңғыртылса, биыл бұл жұмысты  Құрманғазы, Махамбет және Индердегі 14 нысанда жалғастыру үшін жобалық-сметалық құжат жасақталып жатыр. Сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Атырау облысы су арнасы мекемесінде электролиздік  су сүзгі қондырғысы іске қосылды. Нәтижесінде станцияда суды тазарту үшін хлордың орнына гипохлорит қосындысы пайдаланылады. Бүгінде өңірдегі 155 елді мекеннің 146-сына ауыз су жеткен.

АЙДУЛАТ КЕНЖЕБЕКОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облысымызда 67 су тазарту иммараттары бар.  Бұл су тазарту иммараттары мемлекеттік  ауыз су және «Ақбұлақ» бағдарламаларымен  2010-2020 жылдар  аралығында көбі жүргізілген болатын.  Алайд кейбір су тазарту ғимараттардың қайта жаңғыртуды немесе күрделі жөндеуді қажет еткендіктен, бұл нысандарға қайта  жаңғырту не күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыратын боламыз.