Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау инспекциясы ақбөкендерді аулауға дайындалып жатыр. Жоспарға сай желтоқсанға дейін Бетпақдала популяциясынан 290, ал Орал популяциясынан 460 мың бас киік ұсталмақ. Инспекция қызметкерлері биылғы киік санағы кезінде Орал өңірінде 2 миллион 300 мың бас киікті санап шығыпты. Енді осы жануарлардың 20% ауланады. Бұл үшін ақбөкенді мылтықпен атады немесе тор құрып ұстайды. Бұл іске енді полиция да ат салыспақ. Ал ғалымдар астық пен шабындықты таптап жатқан түз тағыларын азайтпаса, оның зияны ауыл шаруашылығына орасан зор боларын айтады.
Әлжан ШӘМШІДІН, ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БҚАТУ ПРОРЕКТОРЫ:
Санының көптігіне және облыс аумағында оны өңдейтін ет комбинаттарының саны аздығына байланысты 20% ұсыныс береміз. Қазір АШМ Ветеринария комитеті берген мәлімет бойынша бүкіл Қазақстан бойынша 25 ет комбинатымен келісім бар. Біздің облыстағы 4 ет комбинаты келісім берді. Сол төртеуі сол уақытта басқа жануарларды өңдемей, істейтін болса, үлгеріп қалуы мүмкін.