Павлодарда балабақшадағы балаларды жапай ұрып соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Естеріңізге салайық, сұмдық оқиға қаладағы №116 сәбилер бақшасында болған. Ол балаларды кезекпен кезек сабаған. Қатыгез тәрбиешінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бұл балалар 2 жастан енді ғана асқан бүлдіршіндер. Олардың көбі жас ерекшелігіне байланысты әлі сөйлемейді. Осыдан кейін шу көтерген ата-аналар балаларына қорлық көрсеткен тәрбиешіге қатысты полицияға арыз жазған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс берілді. Ал тәрбиеші ешқайда шықпау туралы қолхатпен үй қамақта отыр.