"Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұрғындар мәселесіне құлақ түрді. Азаматтар жәрдемақы мен мүгедектік тобын тағайындау, еңбек құқықтарын қорғау бойынша арыз-шағымын жеткізді. Нәтижесінде 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы көлемі биылғымен салыстырғанда бір жарым есеге өседі. Осы мақсатқа қазынадан 267 млрд теңге қаралған. Сондай ақ, былтыр 35%-ға көбейген мүгедектер жәрдемақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан тағы 16%-ға өспек. Зейнеткерлер қауымы, зейнетақымен қоса дәрілердің бағасы шарықтайтынына алаңдаулы. Сондықтан әлеуметтік дәріханаларда дәрілерді электрондық тізім бойынша сатып алуды ұйымдастыру жайы қаралмақ.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Қазіргі
кезде тиісті жұмыстар қолға алынды. Мысалға, облыс әкімдіктеріндегі
тұрақтандыру қорлары, аса қажетті тауарлардың бағасы өскенде халық сұранысын
өтей білуі қажет. Премьер-министр құзырлы министрлікке бағаны реттеуде жыл
соңына дейін ұсыныстар енгізуді тапсырды.