$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

01.07.2025ж. 20:00
86
Ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

«Қырық күн шілде». Алдағы уақытта ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. «Ал кей өңірде керісінше жауын-шашын болып, найзағай соғады», - дейді синоптиктер. Күн райының күрт өзгеруі көпшілікке қалай әсер етуде? Тілшілер тарқатады.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Шілденің шіліңгірі басталлды. Бүгін Алматыда ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілді.  Табиғаттың тосын мінезі әсіресе қыздарға қиын болды. Өйткені, мына аптап ыстықта бетіміздегі бояу да ұзақ тұрмайды. Таңертең опа-далабымды теп-тегіс етіп жағып шыққанымды қайтейін?! Күн көзіне шыдамай барады. 

Бүгіннен бастап оңтүстік астанада күн райы күрт ысыды. Алматылықтар көлеңке іздеп, субұрқақтардың жанын жиі саялап, амалдап әлек.

АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1-4 шілде аралығында Алматы қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз ауа температурасы 31-33 градустан 35-37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.

Ауа температурасы көтеріліп, қапырық болғанда қан қысымы жоғары, жүрек-қан тамыр жүйесінде ақауы бар адамдарға сыртқа шығу қауіпті. Аптап ыстық қоғамдық көлікпен қатынайтындарға, ашық аспан астында жұмыс істейтіндерге, балалар мен қарт кісілерге әжептеуір залалын келтіріп тұр.

БЛИЦ:

- Күндіз үйдеміз. Кешкі салқынмен ғана шығамыз далаға. Мамам үлкен кісі. Давлениесі бар, высокий давлениесі. Сол үшін бізге опасно далаға шығу. Қауіпті.

- Күн ыстық қазір. Қайта-қайта су аламыз. Бірталай ақша кетіп жатыр оның өзіне де.

- Саябақтардың көлеңкесінде отырып демалады не болмаса кешті күтеді елдер. Кешке уже барлығы сыртқа шығады.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Бұл – Алматыдағы ыстықтың басы ғана. Алдағы күндері 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал, шілденің нағыз шіліңгірі Шымкентте. Айзада, шырайлы қала тұрғындары күннен қорғанудың неше түрлі тәсілін білетін шығар, иә? Өткір күн сәулесіне қалай төтеп беріп жатырсыздар?

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Айдана! Шымкентте соңғы апталарда күн күйіп тұр десем артық айтқаным болмас. Ауа температурасы жаз шыққалы 41 градусқа дейін көтерілді. Тек кешелі бері ғана біршама самал бар. Бүгіннің өзінде  35 градусқа дейін ыстық болып тұр.

Қатты ыстықтан қорғанудың бір амалы суға түсу.  Мегаполис тұрғындары мен қонақтары Қошқарата өзеніне шомылып, салқындап жатыр. Жаз шыға бұл жерден кісі бір үзілмейді. Бүгін де жанға сая іздегендердің қарасы қалың. Еңбектеген баладан, қарт кісіге дейін осы жерден кезіктіресің. Рахаттанып шомылып жүр барлығы. Мұнда қала ғана емес, тіпті аудандардан да арнайы келіп түсетіндер бар. Әрі ем алып, әрі демалып қайтамыз дейді ыстықтан саялағандар.   

ЖАЗИРА ТҰРҒАНХАНОВА, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл ауа райы қатты ыстық болып жатыр. Шыдау мүмкін емес мына ыстықта негізі. 40 градус деген жәй ғой, 45-50 боп жатыр ғой негізі. Суға түсіп қорғанып жатырмыз. Иә, суға түссек салқындап қаламыз. Рахат. Негізі өзіміз Жетісайда тұрамыз. Осы Шымкентте бір апта шомылуға әрі емге дейді бұл суды. Соған келіп жатқан жайымыз бар.

ЗАХИРА ҚАСЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ыстықтарда осы Қошқарата бізді асырап қалады \сақтап дегісі келді ау\. Өзім давлением бар, артритім бар. Жүрегім ауырады. Неше жылдан бері осы суға түсіп кетіп+жақсы боп шығам қысымен ауырмай. Суын әкетеміз. Суының өзі шипа ғой. Бұнда Мендеевтың 49 элементінің бәрі бар деп айтады. Соның біреуі бізге шипа болатын шығар.

АРДАҚ МАНАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қошқаратаға жиі келем мен. Немерелерімді алып жиі келем. Аптасына 3-4 рет келем кейде. Әрі демалам, екіншіден, суы - ем. Барлық жүйке ауруларға да, денедегі жараға да. Балаларда қазір ыстықтық шығады, денесі қышиды деген сияқты барлығына емі бар. Аяқ қақсағанға әсіресе біздерге.

Аптап ыстықта көпшілік тығыз шаруасы болмаса күнге шықпауға тырысады. Қазгидромет мамандары шілденің 3-і мен 5-і аралығында күн қатты ысиды деп болжап отыр. 

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Синоптиктер апта соңына қарай әсіресе өңірдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілетінін ескертіп жатыр. Шаңды дауыл да бар. Қатты ыстықтан төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертіп отыр. Базаргүл, ал Атырауда ауа райы қалай? Температураның көтерілуі тұрғындарды әбігерге салып жатқан жоқ па?

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шілденің шіліңгір ыстығы атыраулықтарды да біраз әбігерге салатын секілді. Өйткені екінші онкүндікте ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді,- дейді синоптиктер.

Бұл айда жауын –шашын аз болады. Керісінше шаңды дауыл көтеріледі,- деп болжап отыр мамандар. Былтыр шілде айында  аймақта термометр көрсеткіші  40 градустан аспаған. 

ДИНАРА ЖҮСІПОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» АҚ АОФ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

Екінші онкүндікте ауа температурасының түнле 16, 22 градус жылыдан  27 градусқа дейін, ал күндіз 33 градус жылыдан 38.43 градус өте қатты ыстыққа дейін біртіндеп  жоғарылауы болжануда. Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан  аз.

Аптап ыстық пен аңызақ желден көз ашпайтын атыраулықтар  жағажайда дамылдай алмайды. Өйткені  облыстағы 46 белгіленген орынның біріне де суға түсуге рұқсат берілген жоқ. Аймақта төтенше жағдай режимі әлі сақталған. Оның үстіне қаладағы жағажайлар иесіз бос жатыр. Кәсіпкерлер  бұл салаға қызығушылық танытпай отыр,- дейді әкімдіктегілер. Сондықтан  талапқа сай келмейтін жағажайға суға шомылуға барғандарға айыппұл салып жатыр. 

ЖАНТӨРЕ ДЕМЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Маусым айынан басынан бастап осы күнге дейін 44 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 600мыңның үстінде айыппұл салынды. Көбіне көп жағажайларда жүретін  бәрімізге белгілі балалар. Облыс аумағында 70 қауіпті учаске белніленген. Аталған аумаұқтарда барлығы жалпы саны 266ескерту белгілері орнатылған.  Суға түсуге боламайтындығы туралы.

ГҮЛСАРА ЖАРЫЛҒАПОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бүгінгі күні 5 жағажайдың 3еуі сенімгерлік басқаруға берілді.  Бұл деген 10 жылға. Тағы екі жағадай бар спорт кешені айналасында, Тұрғын үй қалашығындағы «Алладин» деген жағажай. Бүгінгі күні бірінші рет берілді тендерге.  Бірақ қатысушы боламуына байланысты өтпеді деп саналды.

Қазір екі жағажайды сенімгерлік басқаруға беруге екінші рет тендер жарияланған. Оның  нәтижесі  10 күннен соң ғана белгілі болады.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Төтеншеліктер қанша ми қайнатар ыстық болса да қауіпті жағажайларға аяқ баспаңдар деп отыр.Өйткені  былтырғы су тасқынынан кейін Жайық өзені алабы көп өзгеріске ұшыраған. Бұрынғы тайыз аумақтар суға түсуге қауіпті болуы мүмкін деп  қатаң ескертеді. Аймақтағы аптап ыстықтың беті  шілденің соңына таяу қайтады.