$538.33 €626.99 ₽6.71
×

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасына алғысын білдірді

01.07.2025ж. 20:00
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасына алғысын білдірді

Президент Антикордың бұрынғы басшысына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы көрсетті деп баға берген. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Құжатта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіру арқылы Антикорды қайта құру туралы шешім қабылдағаны жазылған.