Жамбылдықтар қыста жылусыз қалмайды. Өңірге арнайы келген «AMANAT» фракциясының мүшелері құбыр тарту құрылысымен танысып, бақылауда ұстайтындарын айтты. Өңірдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 350,7 шақырым. Оның 54 пайызы тозған. Биыл 12,75 шақырымын жөндеу жоспарланып отыр. Өткен жылы 4602 метр құбыр ауыстырылса, биыл жыл соңына дейін тағы 1536 метрі жаңартылмақ. Жалпы, 2027 жылға дейін Жамбыл облысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 26,8 шақырым жылу және 1,2 мың шақырым электр желілерін жөндеу және жаңасын қою қолға алынды.
МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жылу трассаларының дайындығы қысқа дайындық. Бұл да біздің былтырдан бері желе жатқан мынау «Аманат» партиясы бағдарламасына кірген. Мерзімі бар, биыл бітіретін. Солардың барлығын көріп, қандай мәселелер бар. Жеке қабылдау өткіземіз, тұрғындармен. Енді негізінде барлық жерде өзіміздің жұмысымызды ең бірінші осы Жамбыл облысының тұрғындарының мәселесін шешу. Оларға көмектесу.
ГҮЛДАРА НҰРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің мақсатамыз, осы өңірдегі «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша қалай іске асырылып жатыр. Қандай мәселелер бар? Жоспарланған нәрсенің несі орындалған жоқ. Оның барлығын қарап осы жерде, талқылап. Сол обектілерге барып, соған қорытынды жасау.