$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Өскеменде 600 орындық жайлы мектеп 1 қыркүйекке дейін ашылады

01.07.2025ж. 20:00
87
Өскеменде 600 орындық жайлы мектеп 1 қыркүйекке дейін ашылады

Өскемен қаласында 600 оқушыға арналған жаңа жайлы мектеп 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі. Құрылыс барысымен танысу үшін бұл жерге Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары барды. Мектеп салынып жатқан аудан дамып келеді. Алдағы уақытта орын тапшығы туындамас үшін жаңа мектептің құрылысы маңызды. Бұл білім ордасының іргетасы 2024 жылы қаланған. Қазір нысанның негізгі жұмыстары аяқталуға жақын. Жылу жүйесі қысыммен тексерілген, ыстық және салқын су қосылған. Электр энергиясы тартылған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сынып бөлмелері, асхана, спорт және акт залдарына қажетті жабдықтар толық жеткізілген. Сонымен қатар мектеп ауласын абаттандыру қатар жүргізілуде. Футбол алаңы жасанды жамылғымен, ал баскетбол мен волейболға арналған алаңдар да қарастырылған. Мектеп аумағын жаңбыр және қар суынан қорғау үшін 9 метрлік бетон қабырға салынады. Қазір балалардың қауіпсіздігі үшін жол бойына бағдаршам орнату мәселесі шешілуде.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Құрылыс жүріп жатыр. Бірақ дегенмен де осы құрылыстың жылдамдығына деген белгілі бір сұрақтар бар. Енді біз міндетті түрде осы тамыз айында келіп, объектіні тағы бір тексеріп кететін боламыз. Ең негізгісі қазір мемлекет ақшаны уақытында бөліп жатыр. Сондықтан құрылыс сапалы және уақытында болу қажет.