$519.29 €613.28 ₽6.62
×

«Банкрот емес, бұл тұтас саланы жою», - депутат

01.07.2025ж. 20:00
99
«Банкрот емес, бұл тұтас саланы жою», - депутат

«Қазақстан авиация индустриясы» зауыты жұмысын тоқтатты. Қызметкерлері жалақы алмаған. 85 пайызы мәжбүрлі демалыста отыр. Ангарда тұрған алты ұшақ бес жылдан бері әуеге көтерілмеген. Есепшоттар бұғаттаулы, жаңа тапсырыс жоқ. Ал дайын тұрған білікті мамандар шетелге кетіп жатыр. Соған қарамастан зауыт 2024 жылы алты ұшақты қалпына келтіріп, Қорғаныс министрлігіне 13 авиациялық қозғалтқыш тапсырған. Бүгін "AMANAT" партиясы зауытты сақтап қалуды талап етіп, мәселені көтерді. Егер қолдау болмаса – Қазақстан әскери авиациясы мен отандық ұшақ жөндеу саласы біржолата тоқтауы мүмкін дейді олар.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзімізде техника да, ұшқыштар да бар, бәрі бар – соған қарамастан, біз мемлекеттік тапсырысты шетелдік компанияларға беріп отырмыз. Бұл – ақылға қонбайтын жағдай емес пе? Президент әрбір тиынды елде қалдыру керектігін ашық айтып жүр. Бюджет қиын жағдайда екенін бәріміз білеміз – бұл жасырын емес. Сондықтан бұл мәселені көтеруіміз қажет. Өйткені санитарлық авиацияны да, жалпы әуе қызметтерін өз ұшақтарымызбен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Ақша елде қалуы керек, шетелге кетпеуі тиіс.