Қарағанды облысында теміржолда пойыз қағып кеткен екі жасар бала мерт болды. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қайғылы оқиға 1 маусым күні Қарағанөзек пен Қарабас станциялары арасындағы теміржол өткелінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының машинисі теміржол үстінде жүрген баланы байқап, шұғыл тоқтатуға тырысқанымен, оқиғаның алдын алу мүмкін болмаған. Ауыр жарақат алған бүлдіршін шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, баланың жағдайы аса ауыр болуына байланысты аман алып қалу мүмкін болмады.
Дәрігерлер бар күшін салды, бірақ өкінішке қарай, баланың өмірін сақтап қала алмадық, — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция аталған дерек бойынша теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр: тәртіп сақшылары баланың теміржол бойына қалай шығып кеткенін және ықтимал жауапты тұлғаларды анықтауға кірісті.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.