«Нысана» театрының әртісі Дәнекер Оразбай қызын ұзатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бір күн бұрын "ертең жыламаймын" деп жүрген әзілкештің тойда көңілі босап кетті.
«Кішкентай қыз ғой ол. 1 жыл күтсе болар еді ғой», - деген әкенің сөзі желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады.
«Қыз әкесі үшін әрқашан кішкентай», «26 жасымда тұрмысқа шығам дегенде, әкем анама: қызым әлі кішкентай ғой, жүре тұрмай ма? депті», «Әкенің қызына деген махаббат бөлек қой, шіркін», «Әке-шешелерің 1 жыл күт десе, күтіңдерші қыздар»,- деп жазды оқырмандар.