Қоғам белсендісі Зәуре Уксимбаева әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың атына байланысты желіде тарап жатқан «тоқал» туралы әңгімелерге қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қабатовтың тоқал алғаны жаңалық емес. Ер адамға шариғатта төрт әйел алуға рұқсат берілген. Егер алса, өзім де қарсы болмас едім – тек алмайды. Жасыратыны жоқ, ондай ер адамдарға әйелдер қызығады, мен де сол қатарданмын. Қанша жерден әйелдер қарсы болса да, шындық осы. Ақшасы бар, жағдайы бар еркектердің барлығы дерлік екінші, үшінші әйел алғысы келеді», – деп жазды Уксимбаева.