Жетісу облысының прокурорлары негізсіз көтерілген жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Талдықорғанжылусервис» МКК заңды тұлғалар үшін жылу тарифін қалыптастыру кезінде шығындарға енгізілген барлық қаражатты жұмсамаған.
Талдықорған қаласы прокуратурасының қадағалау актісімен 7,8 млн теңгеден астам сомаға уақытша өтемдік тариф енгізілді.
Нәтижесінде тариф 77 теңгеге дейін төмендетілді, 1971 тұтынушының құқығы қорғалды.
Монополист әкімшілік жауапкершілікке тартылды.