$519.29 €613.28 ₽6.62
×

"Сенбесімді білмедім сенерімді": Төреғали Төреәлінің әкесі ұлын сахнадан кетпеуге шақырды

AstanaTV
02.07.2025ж. 08:08
88
"Сенбесімді білмедім сенерімді": Төреғали Төреәлінің әкесі ұлын сахнадан кетпеуге шақырды
Фото: instagram.com/torealitolepov/

Әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов Instagram парақшасында ұлының «сахнадан кетемін» деген шешіміне таңданыс білдіріп, өнерін тоқтатпауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

Сенбесімді білмедім сенерімді. 

Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың

Көп жастар алар еді сенен үлгі.

Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым

Мен саған беріп келем берерімді.

Алла берген тоқтатпа өлеңіңді

Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!», - деп жазылған жазбада.

Еске сала кетейік, Әнші Төреғали Төрәлі инстаграм парақшасына «бәрін тоқтаттым» деп жазба қалдырды, содан кейін тағы бір пост салып, жұртты алаңдатып қойды. Өлең шумақтарымен әнші ойын астарлап жеткізгісі келгенімен, тыңдармандар оны түсінбей әлек. Арасында «Музыкасыз күн, дауыссыз таң» деген сөздері бар.