Еліміздің үш қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Astana TV.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл құбылыс бірнеше ауа райы факторының тоғысуымен байланысты. Атап айтқанда, зиянды қосындылар жер бетіндегі ауа қабатында жиналып, таралмайды.
«2025 жылғы 2 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы қалаларында және түнгі уақытта Астана қаласында күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.