$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Былтыр 40 мыңнан астам қазақстандық жол апатынан зардап шеккен

AstanaTV
02.07.2025ж. 13:28
98
Былтыр 40 мыңнан астам қазақстандық жол апатынан зардап шеккен

Елімізде соңғы бес жылда жарақаттан болатын өлім-жітім деңгейі 19%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов Ұлттық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, жарақаттан болатын өлімнің ең көп төмендеуі Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында-23%-дан 38%-ға дейін байқалды.

2024 жылы 2,5 млн-нан астам адам травматологиялық көмекке жүгінді. Травматология және ортопедия бейіні бойынша стационарларда 240 мың пациент емделді. 130 мыңнан астам, оның ішінде 1 556 — жоғары технологиялық операция жүргізілді, - деп атап өтті бас травматолог.

Алайда жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттанудың өсуі мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр. 

2024 жылы 31 мыңнан астам ЖКО тіркелді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік. Апаттардың 50%-дан астамы алты өңірге тиесілі: Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстары, Астана қаласы, Ақтөбе облысы және Шымкент қаласы. Жыл қорытындысы бойынша жол апаттарының салдарынан 40 мыңнан астам адам зардап шекті, 2 452 адам қаза тапты, - деді Олжас Бекарисов.