Көкшетаудағы «Аружан-2» тұрғын үй кешенінде екі бойжеткен лифт ішінде әдепке жат әрекетке барып, оны қасақана жасағаны видеобақылау арқылы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің айтуынша, олар бейнекамералардың барын біле тұра, қоғамдық орынды ластаған.
Бұл жағдай тұрғындар арасында ашу-ыза тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары жасөспірімдердің әрекетін қоғамдық тәртіп пен этика нормаларына қайшы деп бағалап отыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдердің бірі - кәмелетке толмаған, сондықтан оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға заң жүзінде негіз жоқ.
«Шағын тәртіп бұзу» бабы бойынша хаттама оның ата-анасына толтырылды. Сонымен қатар, жасөспіріммен және ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жүргізілді», – делінген полиция хабарламасында.