$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Меккеге қажылыққа барған сегіз адам көз жұмды

AstanaTV
02.07.2025ж. 16:51
93
Меккеге қажылыққа барған сегіз адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барған Өзбекстанның 8 азаматы көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Өкінішке қарай, Өзбекстан үкіметі тарапынан қабылданған тиісті шараларға қарамастан, созылмалы дерті бар 4 отандасымыз қажылық кезінде қайтыс болды. Сонымен қатар осы аралықта құзырлы органдардың ескертуін елемей, Сауд Арабиясына заңсыз барған 4 Өзбекстан азаматы қаза тапты. Заңсыз жолдарды пайдалана отырып, аталған елдің аумағына енген өзбекстандықтарға алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді", – делінген Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo ақпарат агенттігінің хабарламасында.

Құжатын жоғалтқан 40-тан аса адам Джидда қаласындағы Өзбекстанның Бас консулдығына өтініш жолдаған. Тиісінше, оларға отанына оралуға рұқсат беретін куәліктер берілген.